Бакуде Наурыз мейрамы карнавал түрінде тойланады

Фото: None
БАКУ. Trend – ҚазАқпарат - Баку ақпараттық туристік орталығы Бакуде Наурыз мейрамын өткізудің жаңа жобасын жүзеге асырып жатыр. Бұл жөнінде Trend агенттігіне орталықтың директоры Руфат Багиров хабарлады.

Оның айтуынша, қазір жаңа жобаларәзірленуде.

«Жобалардың бірі наурыз карнавалынөткізумен байланысты. Ұлттық кейіпкерлерді Бакудың орталық көшелерінде өтетінкарнавалға қатыстыру жоспарланған. Бұл – ерекше жоба және мейрамды өз көзімен көрген туристер Бакуге қайта оралса дейміз», - деді Багиров.

Еске сала кетейік, 2009 жылғы 30қыркүйекте ЮНЕСКО Наурыз мейрамын материалдықемес мәдени мұралардың репрезентативтік тізіміне енгізген еді.

2010 жылдың 24ақпанында БҰҰ Бас ассамблеясы бір ауыздан резолюция қабылдап, 21 наурыздыХалықаралық Наурыз күні деп жариялады.


Соңғы жаңалықтар