Жалпы, Бакуде 20 спорттық жарыс түрлерінен сайыстар өткізіледі: оның 16-сы - олимпиадалық спорт ойындары болса, қалған 4-уі - олимпиадалық емес спорт түрлері. Еуропаның түкпір-түкпірінен жиналған 6 мыңнан астам спортшы 17 күн бойы өз елінің намысын қорғайтын болады.
Айта кетейік, 2012 жылғы желтоқсанда Еуропалық Олимпиада комитеті Бакуды Еуропалық ойындарды өткізуге лайық деп таныған болатын.
Түркітілдес елдердің Парламенттік ассамблеясының бас хатшысы Жандос Асанов Әзербайжан парламентінде сөйлеген сөзінде: «ТүркПА-ға мүше болып табылатын Әзербайжан елі қиындықтарға қарамастан, Еуропалық ойындарды өткізудің күрделі міндетін өз мойнына алғанына қуаныштымыз. Бұл Әзербайжан үшін ғана емес, бүкіл түркі тілдес халықтар үшін маңызды оқиға», - деп атап өтті.