Бакуде өтетін гимнастикадан Әлем кубогына қай спортшылар қатысады
10:58, 03 Наурыз 2026
АСТАНА. KAZINFORM — Халықаралық гимнастика федерациясы (FIG) Әзербайжанның Баку қаласында өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысатын спортшылар тізімін жариялады, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.
Халықаралық турнир 5-8 наурыз аралығында өтеді.
Қазақстан құрамасының сапына мына спортшылар енді:
— Милад Карими
— Нариман Курбанов
— Дмитрий Патанин
— Диас Тойшыбек
— Зейнолла Ыдырысов
— Эвелина Ежова
— Радмилла Тарасова
Айта кетейік, бұған дейін Германияның Котбус қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде Нариман Курбанов ат снарядындағы жаттығуда қола медаль жеңіп алған еді.