Баку спорт сарайындағы бұл додада қазақстандықтар 1-топта Әзірбайжан, Испания және Франция құрамаларымен сынға түседі. Бас бапкер Әміржан Мұқанов ұлттық құрамаға 14 спортшыны тартып отыр. Олардың тоғызы «Тұлпар» командасының (Дәурен Нұрғожин, Серік Жаманқұлов, Шыңғыс Есенаманов, Роман Шорин, Николай Пенгрин, Павел Таку, Михаил Першин, Александр Довгань, Константин Перемышлин), үшеуі «Аят» клубының (Григорий Шамро, Тимур Мырзабаев, Николай Казаков) екеуі «Қайрат» командасының( Дінмұхамед Сүлейменов, Виталий Александров) мүшелері. Қазақстандықтар алғашқы ойынын жарыс қожайындарымен, ал одан кейінгі 2 кездесуін Испания мен Франция аяқдошыларымен өткізеді.
15:38, 21 Ақпан 2011
Бакуде шағын футболдан 2012 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі өтеді
АЛМАТЫ. 21 ақпан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - 24-27 ақпан күндері Бакуде шағын футболдан 2012 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің жарыстары өтеді.