«Солтүстік-Оңтүстік» көлік дәлізі Солтүстік Еуропаны Оңтүстік Азиямен біріктіруді көздейді. Жобаны іске асыру барысында Әзербайжан, Иран, Ресей темір жолдары біріктіріледі. «Солтүстік-Оңтүстік» дәлізі бойынша бірінші кезеңде жыл сайын 5 миллион тонна жүк, одан әрі 10 миллион тоннадан астам жүк тасымалдау жоспарлануда. Бұдан бұрын РТЖ дәліз жобасын дамытуға қатысатынын мәлімдеген болатын.
«Бұл ғасырдың ірі жобаларының бірі, Бакуде өткен үшжақты саммитте Әзербайжан, РФ, Иран президенттері растаған. Жоба өңірдің дамуын, тұрақтылығын, қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында маңызды қадам болып табылады», - деген Мамедовтың сөзін келтіреді Trend агенттігі.