БАКУ. ҚазАқпарат - Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Ұлттық депармаментінің хабарлауынша, 2018 жылдың 1 шілдесінде Бакуде және Абшерон түбегінде соңғы 120 жылда болмаған температуралық рекорд тіркелді.
Министрліктің баспасөз қызметінен АЗЕРТАДЖ агенттігіне хабарланғанындай, ауа температурасы 43 44 градус болды. Бакудегі осыған дейінгі рекорд 2017 жылдың тамыз айында, тіркелген және ол уақытта ауа температурасы 41,6 градус болған.
Жексенбі күні тіркелген температура шілде үшін және бүкіл жаз мезгілі үшін рекордтық болып саналады.
Айдар Оспаналиев
2000 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың журналистика факультетін бітірген. Журналистика саласында 2000-шы жылдан бері қызмет етіп келеді.