Бакуде ТМД Ақпараттық кеңесінің отырысы өтуде

None
БАКУ. Наурыздың 1-і. ҚазАқпарат /Арнұр Мұхаметкәрім/ - Бүгін Бакуде Әзірбайжан мемлекеттік телеграф агенттігінің 90 жылдығын мерекелеумен қатар ТМД елдері Ақпараттық кеңесінің 11-ші отырысы өтуде.

Шараға ИТАР-ТАСС, Укринформ, Беларус телеграф агенттігі (БелТА), «Кабар» (Қырғызстан) және «Ховар» (Тәжікстан) ақпараттық агенттіктерінің басшылары, сондай-ақ «Қазақ ақпарат агенттігі» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Дәурен Дияров қатысуда.

ТМД ақпараттық агенттіктері өкілдері отырыстан кейін Әзірбайжан Президенті Илһам Әлиевпен кездесті, онда ел басшысы Әзірбайжан Республикасының аталған елдермен экономикалық және гуманитарлық салаларда екіжақты байланыстарын нығайтудың және ынтымақтастықтың маңызын атап көрсетті.