Шара барысында ТМД көші-қон органдарының ақпарат алмасу саласындағы ахуалы мен болашағы, Достастыққа қатысушы-мемлекеттерінің 2009-2011 жылдарға арналған заңсыз көші-қонның алдын алуға бағытталған Бадарламасының жүзеге асырылуы, көші-қон органдарының жұмыс жоспарлары, сонымен қатар ТМД елдерінде еңбек етуге еңбек мигранттарын тартуды ұйымдастыру мен оның механизмдерінің жалпы қағидалары талқыға салынуда.
Отырыс жұмысына Қазақстан Республикасының атынан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов қатысуда.