«Қазіргі уақытта елдің тиісті ведомстволарының қызметкерлері оқиға орнында жүр. Әзербайжан прокуратураның тергеушілері мен криминалистері қажетті тергеу әрекеттерін жасап жатыр. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, оқиға салдарынан 1 адам қаза тауып, 31 адам түрлі дәрежедегі дене жарақатын алды», - делінген агенттік хабарламасында.
11:19, 03 Сәуір 2022
Бакуде түнгі клубта жарылыс болып, 31 адам жарақат алды
БАКУ. TREND - ҚазАқпарат –3 сәуір түнде Әзербайжан астанасы Бакудегі түнгі клубта жарылыс болды. Жарылыстан бір адам қаза тауып, 31 адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Trend агенттігіне сілтеме жасап.