Форумға әлемнің 100 елінен 300-ден астам делегат, соның ішінде Әзірбайжан, Қазақстан, Түркия, Қырғызстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Солтүстік Кипр, Болгария, Ресей Федерациясының түркі тілдес республикалары - Татарстан, Башқұртстан, Алтай өңірі, Саха Республикасы (Якутия), Тыва, Хакасия, Қабардин-Балқар, Қарашай-Шеркеш, Украина құрамындағы Қырым Автономды Республикасы,Гагауздың медиа-құрылым өкілдері қатысады.
Форумның негізгі мақсаты - түркі тілдес мемлекеттердің БАҚ-тары арасындағы байланысты нығайту.
Бірінші форум 2010 жылдың 21-22 желтоқсан күндері Анкарада өтіп, келесі форумды Әзірбайжанда өткізу туралы шешім қабылданған болатын.