Оның мақсаты - экономикалық ынтымақтастықтың болашақ бағыттарын анықтау. Бұл туралы журналистерге Әзірбайжан Экономикалық дамыту министрлігі мәлімдеді.
Бакудегі кездесуде алдағы Бішкек саммиті үшін ұсыныстар қабылданады. Бұл саммитке Қазақстан, Әзірбайжан, Түркия және Қырғызстанның экономика министрлері мен мемлекеттік және жекеменшік секторының өкілдері қатысады. Отырыс барысында тараптар арасындағы ынтымақтастықты кеңейтудің ағымдағы жағдайы мен болашағы талқыланады.
Министрлік отырысқа дайындалу мақсатында 13-14 тамыз күндері түркітілдес мемлекеттерінің ынтымақтастық Кеңесіндегі жұмыс топтарының екінші отырысы өткізіледі.
Ал бірінші кездесу 2011 жылдың 13 қазанында Қазақстанның астанасы - Астана қаласында өткен. Оған Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркия министрлері, сондай-ақ олардың орынбасарлары қатысты.