Бүгін 06:10-да Баку қаласының Хатаин ауданындағы Республикалық наркология орталығында үлкен өрт болды. Мәліметке сәйкес, ғимарат ішіндегі 55 адамның 30-ы құтқарылған. 3 адам Республикалық токсикология орталығына жеткізілді.
Оқиға орнына құтқару қызметінің мамандары сағат 08:30 да жетіп, тілсіз жауды толықтай ауыздықтады. Өрттен 25 адам ажал құшты.
Қазір жергілікті прокуратура орын алған фактіге байланысты қылмыстық іс қозғап, жедел тергеу тобы жұмысқа кірісіп кетті.
Бастапқы мәліметтерге сәйкес, өрт ғимараттағы ақаулы электр желілерінен шыққан.
Жүргізіліп жатқан жұмыстар мемлекет басшысының жіті назарында.
Фото:www.salamnews.org