МҚК-ға келіп түскен ақпаратты тексеру барысында анықталғандай, шетелдегі террористік ұйымға қарасты адамдар тобы жарылғыш заттар мен қарулар алып, республика аумағында лаңкестік әрекет жасамақшы болған.
Діни экстремизмге қатысты ауыр қылмыс жасаған Әзербайжан азаматтары - «Абу Хавса» лақап атын иемденген М.Улубеков, «Абдулгариб» есіміндегі Г.Демиров, «Абдулхалид» лақап атын алған Ф.Садыгов, Т.Алмамедов, «Абдуллах» атын жамылған С.Мамедов секілді күдіктілерді тұтқындау бойынша операция жүргізілді.
Операция барысында М.Улубеков, Г.Демиров, Т.Алмамедов және С.Мамедов қарсы оқ атқан. Олардың көзі жойылды. Ф.Садыгов күдікті ретінде ұсталды. Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.