Бакудегі Мұнай академиясында белгісіз біреу оқ ашты, құрбан болғандар бар

БАКУ. Сәуірдің 30-ы. ҚазАқпарат - Бакудегі Әзірбайжан мұнай академиясында белгісіз біреу студенттерге оқ ашты.

Куәгерлердің айтуынша, жараланғандар бар, бір адам опат болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Utro.ru cайтына сілтеме жасап. Студенттердің бірі еденде қозғалыссыз жатып қалғаны хабарланып отыр. Оқ тиген тағы бір студент, Юсиф Бандалиев ауруханаға жеткізілген.Оқ атқан адамның тұлғасы әзірге анықталмаған. Ол академия ғимаратының ішінде есікті іштен бекітіп алып отыр. Әлгінің оқты бей-берекет атқаны айтылуда. Ғимаратты құқық қорғаушылар қоршауға алды, төтенше жағдайлар ведомствосының күштері де тартылуда. Ғимарат ішінде қалған студенттер терезелерден секіріп жатқандығы туралы ақпарат бар.