«Цифрлық қызмет көрсету орталығы» азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының» қызметтерін азаматтарға көрсету үшін бірегей секторы болып табылады.
Сектор - қазіргі заманғы жоғары технологиялармен жабдықталған.
Қонақтарды «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҮЕАҚ төрағасы Оспанов Абылайхан қарсы алып, Цифрлық ХҚКО-ның жұмыс нәтижелерімен таныстырды.
Өткен жылы «Астана - адалдық алаңы» жобасының бастамасы бойынша 2400-ге жуық мемлекеттік қызметшілер цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша «Цифрлық қызмет көрсету орталығынан» өткен.