Астана қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаеваның атап өтуінше, елорда әкімі Б. Сұлтанов Қабанбай батыр даңғылындағы ірі жол-көлік оқиғасы орын алған жерге шұғыл түрде барды.
Көлік апаты сағат 9:14 кезінде болған.
Бұдан бұрын хабарланғандай, елордада автобустар апатынын екі адам көз жұмды.
26 наурыз күні Ұлы Дала мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысында үш автобустың және жеңіл көліктердің қақтығысуымен жол-көлік оқиғасы болды.
Қала маңы бағдарындағы № 301 автобус № 12 бағдардағы жолаушылар көлігімен соқтығысты. Осының екпінімен олар № 53 автобусқа және жедел жәрдем көлігіне барып соғылды.