Бақыт Сыздықоваға қатысты сот отырысының мерзімі белгіленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясының бұрынғы мүшесі және Парламент мәжілісінің экс-депутаты Бақыт Сыздықоваға қатысты сот отырысы 19 ақпанға белгіленді. Бұл туралы «Қазақстан Жаңалықтары» хабарлауда.

Айта кетейік, «Нұр Отан» партиясы Бақыт Сыздықовадан партия кассасынан алынған қаражатты қайтаруды талап етуде. «Алдын ала мәліметтер бойынша, «Нұр Отан» партиясының Бақыт Сыздықованың атына жазылған арыз бойынша алғашқы сот отырысы 2014 жылы 19 ақпанда Астанадағы мамандандырылған ауданаралық сотында өтеді», - делінген агенттікке берілген хабарламада. Айта кетейік, Бақыт Сыздықова 2013 жылы 18 қыркүйекте «Нұр Отан» партиясының қатарынан шығарылды. Б.Сыздықова 2008 жылы партиядан «Астана.KZ» КВН командасын қаржыландыру үшін 7 млн. теңге көлемінде қаражатты қарызға алған. Және оны 2009 жылы қайтарып беруі тиіс болатын. Алайда бұл сома сол күйі өтелмеген. Қазір бұл сома үстемесімен қоса 15 млн. теңгеге жетіп отыр.