Бақытжан Байқадамов атындағы мемлекеттік хор каппелласы Павлодар, Ақмола, Ақтөбе облыстарына гастрольдік сапарға шығады

АЛМАТЫ. 2 маусым. ҚазАқпарат - Алматыдағы  Бақытжан Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласы 7-14 маусым күндері гастрольге шығады.

Олар Мәдениет және ақпарат минстрлігінің «Отаным - бақыт мекенім» жобасы аясында  Павлодар, Ақмола, Ақтөбеоблыстарын араламақ.   Атап айтқандаПавлодар облысында7 маусыма Екібастұз, 8-інде -  Ақсу қалаларындағы мәдениет сарайларында, 9-ында -  Павлодардағы «Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени-сауық қызметі орталығында концерт қояды. Бұл шара Ақмола облысында 10-ы күні -Шучинск қалалық  мәдениет сарайында, 11-інде -  Көкшетауда, 12-сінде - «Әйтеке би» стансасындағы мәдениет үйінде және Хромтаудағы қалалық мәдениет үйінде жалғасады. Одан кейін 13 маусым күні - Ақтөбедегі драма театрында, ал 14-інде - Алғадағы балалар үйінде өнер көрсетеді. Бағдарламаға қазақстандық және шетелдік сазгерлердің шығармалары енгізілген. Өнер ұжымының бұл сапары кезінде сондай-ақ, әрбір концертің алдында жазушы Марат Тоқашбаев пен ақын Болат Шарахымбай оқырмандармен кездесу өткізбек.