Бақытжан Сағынтаев Алматыдағы қоғамдық көлікпен байланысты проблемаларды айтты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаладағы қоғамдық көлікпен байланысты қалыптасқан мәселелер туралы айтты. Бұл туралы әкім өзінің Facebook-тегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін әкімдікте қоғамдық көлік саласыныңжұмысын жете қарадық. Нақтылыжұмыстар жүруде. Жылжымалы составтың автобус паркі жаңаруда. Жолайрықтарын салужалғасуда. Дегенмен, шешімін күткен мәселелер бар.

Біріншіден, автобус парктеріүшін білікті кадрлар — жүргізушілер, сервисті мамандар, яғни слесарьлар менмеханиктер және басқалары жетіспейді. Оларды даярлаудың жүйесі жоқ. Қалалықмобилділік (Телібаевқа) және білім (Қожабергенова) басқармаларына біліктікадрлар дайындаудың нақтылы шараларын жасауды тапсырдым. Бұл жұмысты кадрларқажеттілігіне болжам жасап уақытылы әрі колледждердің оқу жоспарына сайжүргізген жөн. Апта ішінде Телібаев бұл процессті ұйымдастырудың нақтылымеханизмін ұсынуы тиіс.

Екіншіден, экологиялық тазакөлік — Алматының троллейбус желісі дұрыс бағаланбай келеді. Бұлардағы байланысжелілері тозған, күн сайын үзіліп жатады. Әкімдікке қаланың барлық троллейбусжелісін жөндеуді тапсырдым. Биылғы жылдың өзінде Тимирязев көшесі бойындағыбарлық 5,1 км желі ауыстырылады. Қажетті қаржыны бөлеміз. Жаңа троллейбустардысатып алу жұмыстарын қатар жүргізіп, келер жылы жаңа бағыттарды ашамыз. Қазіргікезде трансформаторлары қосалқы станциялардың қуаттары әлсіз, сондықтан олардыда жаңартуды қолға аламыз. Бір сөзбен айтқанда, Алматының троллейбус желісі - еліміздегі ең ірі көлік тармағы.

Үшіншіден, қала сыртынатасымалдау мәселесі пісіп жетілген сияқты. Күн сайын 61 бағыт бойынша 600автобус қатынайды. Қызмет көрсету сапасы төмен. Автобустардың басым бөлігітозған. Сондықтан бұл мәселені де ретке келтірген жөн. Ескі көлікті ауыстырып,жолаушыларға билет беру жүйесін ашық ету қажет. Қалалық мобилділік басқармасына(Телібаевқа) қалда моделін унификациялау шараларын қарастыруды тапсырдым.

Бұл шаралардың басты мақсаты— қалалықтарға сапалы көлік қызметін көрсету және жолаушы тасымалыныңқауіпсіздігін қамтамасыз ету.