АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаладағы жоғары оқу орындарының ректорларымен кеңес өткізді. Бұл туралы шаһар басшысы Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қаланың жоғары оқу орындарының ректорларымен кеңес өткіздім. Әлеуметтік-экономикалық блок мәселелерін қарадық, олар: Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасы» аясында жатақхана салу; бұрыннан бар жатақханалардың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайлары, студенттік ортада қауіпсіздікті қамтамасыз ету», - деп жазды ол.
Сондай-ақ Алматы әкімі, студенттердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары, жоғары оқу орындары ректорларының басты назарында болуы тиіс екенін тілге тиек етті.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.