Қала әкімінің айтуынша, мұндай жауапсыздыққа жол беруге болмайды, өйткені бұл қоғамдық денсаулыққа қауіп төндіреді.
«Адам симптомсыз ауруы мүмкін әрі ол вирустың тасымалдаушысы барлық қалалықтардың санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаулары тиіс. Бүгінгі күні телемедицина орталығының бақылауында 2306 науқас үйде жатыр, олардың 291-і симптомсыз, 1970-і жеңіл және 45-і орташа ауыр дәрежеде»,- дейді ол.
Алматының санитарлық- эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметі бойынша, 28 маусым мен 1 шілде аралығында Ashyq жобасы бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлік нысандарына кіре берістегі сканерлеу нәтижесінде 28 тұрғынның «қызыл» мәртебесі, 9 адамнан «сары» мәртебесі расталды. Анықталғанындай, олар фитнес-орталықтарға, бассейндерге, кинотеатрларға, кафелер мен мейрамханаларға кіруге тырысқан.
«Қалада Ashyq жобасына 2331 қатысушы бар. Айтпақшы, жобаға қатысу ережелерінің сақталуы тұрақты түрде бақыланады.Ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап жүргізілген рейдтер барысында мониторингілік топтар Ashyq жобасында жұмыс істейтін 125 кәсіпкерлік субъектілері бойынша шектеулі карантиндік талаптардың бұзылуын анықтады»,-дейді Алматы әкімі.
Өткен аптада коронавирус жұқтырғандар саны 1,7 есеге өсті, соңғы тәулікте 299 алматылықтан коронавирус анықталды. Тәуліктік өсім 0,3%-ды құрады.
«Инфекциялық стационарларда 1131 адам (80 бала) емделуде, оның 33-і өте ауыр, 256-сы ауыр, 842-і орташа ауырлық дәрежесінде. Реанимация және интенсивті терапия бөлімдерінде барлығы 102 адам бар. Оның 19 өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Инвазивті емес ӨЖЖ – 34, High flow аппаратында – 22»,-деп қосты Бақытжан Сағынтаев.