Бақытжан Сағынтаев: Барлық мектептерге бірдей жағдай жасалады

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алдағы үш жылда қаладағы мектептер мен балабақша саны артады. Бұл туралы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бірлескен жұмысымыздың мақсаты – «Шеті жоқ қала» қағидасыбойынша барлығын сапалы және заманауи біліммен қамтамасыз ету. Мен Алматыныңбарлық аудандарын араладым. Түрлі мектептерді көрдім. Қала тұрғындары білімсапасын арттыруға ниетті. Сондықтан, Назарбаев Зияткерлік мектептерініңтәжірибесін қаладағы барлық мектептерде қолдану керек», - деді БақытжанСағынтаев білім беру жүйесі қызметкерлерінің форумында.

Сондай-ақ, әкім 2013 жылдан бері қолданылып келе жатқанкомпьютерлік базаны жаңартып, мектептің материалдық-техникалық негізін жаңғыртуқажеттігін атап өтті.

«Ол үшін білім беру басқармасына барлық мектептерде аудитжүргізіп, оларды жаңартудың үш жылдық бағдарламасын әзірлеуді тапсырдым.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев міндеттегендей, білім беру саласындағытеңсіздікті жою маңызды. Әкімдіктің басты міндеті – қаладағы барлық мектептергебірдей жағдай жасау», - деді әкім.

Бақытжан Сағынтаевтың сөзінше, қаланың орталығындағы немесешетіндегі болсын, олардың ата-анасының мәртебесі мен жағдайына қарамастанбарлық бала сапалы білім алуы тиіс.

«Біздің міндетіміз – алдағы үш жылда қала тұрғындарына қолайлы жерде мектептер менбалабақшаларды кеңейту. Қала тұрғындары орталықтағы және шеттегі білім берусапасы мен деңгейін теңестіруді ғана емес, жаңа мектептер мен балабақшаларашуды қалайтындарын жеткізді», - деп түйіндеді Б.Сағынтаев.

Соңғы жаңалықтар