«Қанат бірінші орта салмақтағы WBO International белбеуі үшін намибиялық боксшы Уолтер Каутондоквамен жұдырықтасты. Оңайға соқпаған 10 раундтық жекпе-жек пен жанкүйерлердің толқынысы. Бірақ Қанат жеңіске деген жігері мен қайтпас қайсар мінезін көрсете білді. 27-ші жеңіс құтты болсын, чемпион!», - деп жазды Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында.
Еске сала кетейік, кеше қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам намибиялық Уолтер Каутондоквамен қолғап түйістіріп, жеңіске жеткен болатын.