Кездесу барысында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мен «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Қазақстанның инфрақұрылымдық дамуына қытай корпорациясының одан әрі қатысуы туралы мәселелер талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығын, қаржы, энергетика саласын, медицинаны дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойылды, сонымен қатар «CITIC Construction» компаниясына республикалық маңызға ие «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» автокөлік жолының бір бөлігін жөндеу жобасы бойынша талаптарға сәйкес келу туралы сертификат табысталды.
CITIC корпорациясы - Қытайдың ірі мемлекеттік инвестициялық корпорацияларының бірі. 1979 жылы негізі қаланған. «CITIC Construction» - еншілес құрылыс компаниясы. Компанияның ең ірі жобаларының ішінде Бейжіңдегі Олимпиада-2008 басты стадионы - «Құс ұясының» құрылысы.