Бақытжан Сағынтаев денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру мəселелері жөнінде кеңес өткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының 'Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бəсекеге қабілеттілік' атты халыққа Жолдауын іске асыру аясында денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру мəселелері жөнінде кеңес өткізді.

Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.