Бақытжан Сағынтаев ЕҚҚДБ Басқарушы директорымен кездесті
16:51, 22 Ақпан 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Еуропа Қайта құру және Даму Банкінің инфрақұрылым жөніндегі Басқарушы директоры Томас Майермен кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz сайты.
Кездесу барысында Қазақстанның халықаралық қаржы институттарымен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік және «жасыл» экономика саласындағы ынтымақтастығы мәселелері талқыланды.