Кеңес барысында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістеріне жаңа технологиялар енгізу мәселелері талқыланды.
Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістері барынша оңтайландырылуы тиіс екенін атап өтті. Мерзімдерді және құжаттар тізімін қысқартып, қайталанатын рәсімдерді жойып, міндетті жеке қатысуынсыз электронды форматқа көшіру қажет. Осындай бағыттардың бірі қызмет алушының қатысуынсыз проактивті қызмет көрсетулерге көшу болуы тиіс.
Айта кетейік, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы - ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы Қаулысымен құрылған және фронт-кеңселер, өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары, ұтқыр ХҚКО-тары, пошта байланысының ауылдық бөлімшелері арқылы қызмет көрсететін бірыңғай мемлекеттік қызметтердің провайдері.
Қазіргі уақытта Қызмет көрсету тізілімінде 723 мемлекеттік қызмет бар, Мемлекеттік корпорация арқылы олардың 548-і қолжетімді, олардың 75% астамы «бір терезе» қағидасы арқылы қызмет көрсетеді.