Бақытжан Сағынтаев IHS Markit компаниясының вице-президенті Даниел Ергинмен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Kazakhstan Global Investment Roundtable екінші халықаралық дөңгелек үстел жұмысының аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев америкалық экономист және IHS Markit компаниясының вице-президенті Даниел Ергинмен кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Кездесу барысында әлемдік мұнай нарығындағы қазіргі жағдай мәселелері талқыланып, әлемдік экономиканың дамуына қатысты Қазақстанның энергетика саласындағы негізгі басымдықтары қарастырылды.

Сондай-ақ бәсекеге қабілеттілікті сақтау бойынша шаралар талқыға салынды. Қазақстан өндірісін жақын келешекте ынталандыру мәселелері, энергетика, автомобиль жасау, электроника және тағы сол сияқты негізгі салалар бойынша ірі жобаларға инвестициялар салудың маңыздылығы қарастырылды.