Бақытжан Сағынтаев «Қайрат» футбол клубын чемпиондық жеңісімен құттықтады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Қайрат» ФК командасы мен жаттықтырушылар штабын футболдан Премьер-Лига командалары арасындағы ел чемпионатының бас жүлдесіне ие болуымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қайрат» ФК командасы мен жаттықтырушылар штабын футболдан Премьер-Лига командалары арасындағы ел чемпионатының бас жүлдесіне ие болуымен құттықтаймын! Көптен күткен бұл жеңіс Алматы үшін мақтаныш! Жеңіске жету бар да, оны сақтап қалу бар. Күш-қуат пен сәттілік серіктерің болсын!»,– деп жазды әкім Twitter -дегі парақшасында.

Айта кетейік, бүгін «Қайрат» 16 жылдан соң Қазақстан чемпионы атанды.

Соңғы рет алматылықтар 2004 жылы елдің үздік командасы атанған еді.