«ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин өз кезегінде теміржол саласының ардагерлерін құттықтады, деп жазады Pm.kz.
«Көлік кешені еңбеккерлері тасымалдауды қамтамасыз етіп, ұлттық инфрақұрылым мен экономиканың жаңа саласындағы жаңа құзіреттерді дамытып, еліміздің дамуына өз еңбегімен өлшеусіз үлес қосып келеді», - дейді А.Мамин.
Оның айтуынша, 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан арқылы Қытай-Еуропа-Қытай бағытында жүретін пойыздар 2,4 есеге (177-ден 429 пойызға дейін) артты. Оған қоса, транзиттен түсетін табыс үлесі кірістердің жалпы көлемінде 35%-ға жетті.
«Біздің күш-жігеріміз қызмет тиімділігін арттыруға және қаржы нәтижелілігін жақсартуға бағытталған. Бірінші жартыжылдықтағы операциялық табыс 34,6 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі нәтижеден екі есе артық. Өндірістік процестердің тиімділігін арттыру нәтижесінде негізгі көрсеткіштер бойынша біз ТМД елдерінің темір жолдарының арасында көш бастап келеміз», - дейді А.Мамин.