Бақытжан Сағынтаев: Қиын жағдайда ауызбіршілік болғаны жақсы

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев сел қаупіне байланысты үн қосқан халыққа алғыс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Таңертең ҚРІІМ хабарласып, егер қиын жағдай болатын болса, халықты көшіру керек деген ойболды. 2015 жылғыдай өзен арнасынан тасып, тастар мен лайлы су ағатын болса,тазалау керек болады деп Ұзынағаштан қосымша әскери күштер шақырттық.Сарбаздар, Ұлттық ұлан сарбаздары күректерін ұстап сақадай сай тұр. Халық алаңдап жазып жатыр.Еріктілер алаңдаулы. Қандай көмек жасайық, не істейік деп жатыр. Осындай қиынжағдайда ауызбіршілік болғаны жақсы. Алматылықтар осы ауызбіршіліктің үлгісінкөрсетіп жатыр. Мың да бір рахмет бәріне. Әзірге мамандар өздері атқарыпжатыр», - деді Бақытжан Сағынтаев.


Қала әкіміхалықпен сұхбаттан ешқашан қашпайтынын жеткізді.

«Мен әркезде ашықпын. Кездесуден қашу, диалогтан қашу деген жоқ. Ұсыныстарыңыз болса айтып,әлеуметтік желіде аккаунтқа жазып отырыңыздар. Оның бәрі оқылып жатыр.Жүйе-жүйеге бөлініп, тапсырма беріліп, қаралып жатыр. Айтылған сөздің бәрі бос кетіп жатырдеп ойламаңыздар. Қаланың дамуына өркендеуіне, аудандардағы кейбіркемшіліктерін көрмей жатқан жерді көз жеткізіп айтып отыруға ол да жақсы.Әкімдерге ашық алаң орнатып апта сайын кездесу тапсырылған», - деді әкім.


Айта кетукерек, бүгін Алматыда Наурызбай ауданында аз мөлшерде сел жүрген болатын. ТЖДөкілдері халықты құлақтандырып үлгерді.

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев оқиға орнына шұғыл аттанды.

ТЖД Қарғалыөзеніндегі ахуал туралы баяндады. Мамандардың айтуынша, алаңдауға еш негіз жоқ.


Соңғы жаңалықтар