АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев коронавирусқа тест тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі
Шаһар басшысы әкімдік пен қалалық жедел штабтың қызметкерлері, оның ішінде өзі де тест тапсырғанын атап өтті.
«Мен жедел тесттен өттім. Көріп отырғандарыңыздай, мен сіздермен сөйлесіп отырмын, яғни нәтижесі теріс», - деді Бақытжан Сағынтаев бейнеконференция барысында.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.