Бақытжан Сағынтаев Lapwing Advisers компаниясының өкілдерімен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев компанияның президенті Саймон Мюррей бастаған Lapwing Advisers Ltd өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Кездесу барысында елімізге инвестициялар тарту және қолайлы инвестициялық ахуал құру саласындағы ынтымақтастық, сондай-ақ, компанияның Қазақстанда жүргізіліп жатқан жекешелендіру үдерісіне қатысуы туралы мәселелер талқыланды.

Lapwing Advisers Ltd - қаржы тартуға, активтерді сату немесе сатып алуға, компанияларды қайта құрылымдау бойынша кеңес беруге мамандандырылған.