Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Орал қаласының халықаралық әуежайы 1972 жылы пайдалануға берілген. Аэровокзалдың өткізу қабілеті сағатына 200 жолаушыны, терминалдың өткізу қабілеті - сағатына 100 жолаушыны құрайды. Әуежай кешені қажетті арнайы техникамен және әуе кемелеріне, жолаушыларға қызмет көрсету мен ұшып-қону жолағын әрі перронды қолданыстық күйде сақтау үшін қызмет көрсететін қызметкерлермен қамтамасыз етілген.
Бұған дейін 2014-2015 жылдары әуежайдың жасанды ұшып-қону жолағында қайта жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ол барлық түрдегі заманауи әуе көліктерін қабылдауға қажетті санатты алуға мүмкіндік берді.