Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлады.
Медицина мекемесін аралау барысында Бақытжан Сағынтаевқа медицина кадрларын қайта даярлаудың үшдеңгейлік жүйесі таныстырылды.
Орталықта көз аурулары диагностикасы мен оларды емдеудің барлық негізгі заманауи технологиялары енгізілген. Озық технологиялар, жаңа жабдықтар, хирургиялық ілгерінді әдістемелер емханада жүргізілетін емнің жоғарғы сапасын, сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.