«Самұрық Қазына» АҚ басқармасының шешімімен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің құрамына төмендегілер кірді:
Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы - ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, директорлар кеңесінің төрағасы;
Илькявичюс Адамас - «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ трансформация және арнайы жобалар бойынша басқарушы директор;
Бейсенғалиев Берік Тұрсынбекұлы - «Самұрық Қазына» АҚ басқарма мүшесі - активтерді оңтайландыру бойынша басқарушы директор;
Кун Кристиан, Сыздықов Тито Уахапұлы, Святов Серік Аманжолұлы, Вильгельм Бендер - тәуелсіз директорлар;
Мамин Асқар Ұзақпайұлы - «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ сайланған директорлар кеңесінің өкілеттілігінің мерзімі үш жыл.