Бақытжан Сағынтаев жетекші IT-компаниялардың басшыларымен кездесу өткізді
19:31, 29 Қыркүйек 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жетекші IT-компаниялардың басшыларымен кездесті.
Бұл туралы primeminister.kz сайтында хабарланды.
Әңгіме барысында отандық IT-нарықты дамыту, стартаптарды қолдау және бағдарламалық өнімдерді әзірлеу, жеке инвестицияларды ынталандыру, сондай-ақ, ақпараттық қауіпсіздік мәселелері талқыланды.