Салмағы 2,35 келілік бала кесарь тілігінің көмегімен 32-ші аптада туды, деп жазады АР.
Португалиялық дәрігерлер әйелдің миының өлгенін ақпанда белгілеген. Қайғылы оқиғаға қарамастан, акушерлер Лиссабон тұрғынының ішіндегі баланың дені сау деген қорытынды жасады. Олар анасын тіршілікті қамтамасыз ету аппаратынан ажыратпау шешімін қабылдады. Бұл әрекетті аурухананың этика жөніндегі комитетінің өкілдері, сондай-ақ қайтыс болған әйелдің туыстары да құптады.
Бұл осыған ұқсас бірінші оқиға емес. Бұған дейін Польшада әйел қайтыс болған соң 55 күннен кейін дүниеге сәби әкелді.