— Бала асырап алу тәртібі Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодекспен реттелген. Бала асырап алуға кандидаттар деп тану «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет түрінде жүзеге асырылады, — деді Премьер-Министр.
Үкімет басшысы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасыларға, оның ішінде асырап алуға орналастыру рәсімі «Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасыларына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкі» ақпараттық жүйесі (РДБ) арқылы жүзеге асырылатындығын айтады.
— Көрсетілген санаттағы балаларды орналастыру тәртібін жеңілдету, ұсынылатын құжаттардың санын оңтайландыру және қарастыру мерзімдерін қысқарту мақсатында мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау жолымен (тартылған қаражат есебінен) бизнес-процестерді жетілдіру бөлігінде РДБ жаңғырту бойынша жұмыс басталды, — деді Олжас Бектенов.
Бұған дейін жетім балалардың тәлімгерлері психологиялық даярлықтан өтетіндігін жазған едік.