Бала асырап алатын азаматтар үшін қолайлы құқықтық ортаны күшейту қажет - Мемлекет басшысы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Отбасыларда патронатты тәрбие беруді, бағып-қағуды, қамқоршылықты кеңейту үшін заңнамалық негізді нығайту керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде мәлім етті.

«Бала асырап алатын және жетім балаларды тәрбиелеп отырған азаматтар үшін қолайлы құқықтық ортаны күшейту қажет. Осындай отбасылар мемлекет пен қоғамдық бірлестіктердің тарапынан жан-жақты көмектік назарында болуы тиіс. Жыл сайын біздегі балалар үйлерінен жеткіншектерді асырап алатын адамдардың артуы қуантады. Барша әлемде осындай игі шаралар жасалуда. Отбасыларда патронатты тәрбие беруді, бағып-қағуды, қамқоршылықты кеңейту үшін заңнамалық негізді нығайту керек. Көптеген елдерде қамқоршысыз қалған балалар уақытша орналастырылатын мейманды отбасы тәжірибесі бар», - деді Президент.

Мұнымен қоса Елбасы баласынан бас тартқан жас аналар туған бүлдіршінімен жиі араласып тұруы үшін жақында жерде орналасуына жағдай жасау мәселесін көтерді. Болашақта бұл әйелдер өздерінің балаларын өз қолына алып, тәрбиелей алады. Сонымен қатар Н. Назарбаев дәулетті адамдарды осындай жағдайларда көмек қолын созуларына шақырды.