ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушылар көпқабатты үйлердің терезесіне қорғаныс құралдарын орнату акциясын өткізуде. Бұл жолы мүгедек балалар тұратын отбасының тезелеріне арнайы құлыптар орнатылды.
«Жазатайым оқиғалар ата-аналар пәтерлерде терезелер ашық екенін ұмытып, балаларды бірнеше минутқа қараусыз қалдырған кезде болады. Сондықтан қорғаныс құралдарын орнату өте маңызды. Департамент қызметкерлері тұрақты негізде ата-аналар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді», — деді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлы.
Акцияға кәсіпкерлер қатысуда. Терезелерге қорғаныс құрылғыларды «Za Oknami_Oskemen» компаниясы сатып алуға көмектескен.
Осы ретте, ТЖД өңір жұртшылығына келесі ескертулерді қаперде ұстауды сұрайды:
— Үйде кішкентай бала болса, терезелерді ашық қалдырмаңыз.
— Терезелердің жанына жиһаз қоймаңыз.
— Терезелерде арнайы қорғаныс құрылғылары болуы керек.
— Бала оны өздігінен аша алмайтындай етіп терезе тұтқасын құлыптаңыз.
— Баланы терезе алдына шығуға және терезеден көшеде не болып жатқанын көруге үйретпеңіз, ол сіз жоқта оны қайталауы мүмкін.
— Балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат етпеңіз.
— Есіңізде болсын, москит торы баланы құлаудан құтқармайды.
— Балалардың қауіпсіздігі тек сіздің қолыңызда!
— Төтенше жағдай болған кезде «112», «101» телефондары бойынша қоңырау шалыңыз.