«Жылдың әр тоқсанында Білім министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігі бірігіп азаматтарды видеоконференциямен қабылдаймыз. Бұл қызметке жүгінген адамдардың санына байланысты өткізіледі. Және бейнеконференцияға мемлекеттік емес органдар қатыстырылады. Енді азаматтарға жүздеген километр асып, жолға шығынданудың қажеті жоқ. IT-технологиялар - бірінші кезекте қолданатын құралымыз. Алғашқы қабылдау күзден басталады», - деді С. Айтпаева.
Еске сала кетсек, ҚР БҒМ басшысы Ерлан Сағадиев пен бала құқықтары жөніндегі омбудсмен Сәуле Айтпаева мұғалімдер мен бала құқықтарымен айналысатын мемлекеттік емес органдардың өкілдерімен кездесу өткізген болатын.