Бала құқықтарын қорғайтын ұйымдардың қызметіне қатысты заңға қол қойылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев баланың құқықтарын қорғау функцияларымен айналысатын ұйымдардың қызметімен байланысты кейбір заңнамалық актілерге өзгеріс енгізетін Заңға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметімен байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - делінген Ақорданың ресми хабарламасында.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.