«Бала күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы және әлеуметтік төлем төлеу мерзімдері бір жылдан бір жарым жылға дейін ұлғайтылады. Бұл ретте, МӘСҚ-тен төлем алушы жұмысқа ерте шыққан жағдайда, оның мөлшері мемлекеттік жәрдемақы деңгейінде сақталады», - делінген министрлік хабарламасында.
Сондай-ақ, бала туғанға дейінгі 2 жылда әлеуметтік сақтандыру жүйесіне 6 айдан аз уақыт қатысқан ата-аналар жұмыс істемейтін адамдармен қатар республикалық бюджеттен төленетін бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы алады.