Бала саудасына қатысты қатаң заңнамалық шаралар қамтылуы шарт - Азаматтық альянс өкілі

АСТАНА. 27 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -Бала саудасына қатысты қатаң заңнамалық шаралар қамтылуы шарт.

Бүгін елордада ЕҚЫҰ аясындағы Шолу конференциясы аясында «Адам саудасымен күрес» сессиясы бойынша сөз сөйлеген Оңтүстік Қазақстан облысы Азаматтық альянс өкілі осылай мәлім етті.

«Адам саудасы, оның ішінде балалар саудасы ғаламдық ауқымдағы ең өзекті мәселелердің бірі. Бұл ретте Қазақстан тарапынан аталмыш проблемаға жыл сайын баса назар аударылып келеді. Бірқатар министрліктер осы мәселемен терең әрі тікелей айналысады. Жалпы, бала саудасына қатысты қатаң заңнамалық шаралар қамтылуы шарт. Бұл ретте Қазақстанның ұлттық заңнамасы бойынша балаларға жалпы орта білім беріледі. Яғни, кез келген бала оқуға міндетті. Сонымен қатар, Қазақстан зайырлы мемлекет, дін мектептен тыс, алайда оқу орындарында дінтану пәні өтеді. Бұндағы мақсат - оқушыларға әлемдік дін мәдениеттерін таныстыру», - деді альянс басшысы.

Оның айтуынша, Қазақстан посткеңестік мемлекеттер арасында алғашқы болып ТМД мұғалімдерінің съезін өткізуге бастама жасап, онда балаларға қатысты проблемалардың барлығы талқыланған. Бұл дәстүр жалғасын табатыны анық.