Бала туғанда берілетін жәрдемақыны онлайн рәсімдеген аналар арасында байқау өткізіледі

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бала туғанда берілетін жәрдемақыны онлайн рәсімдеген аналар арасында байқау өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясына сілтеме жасап.

«Азаматтарғаарналған үкімет» жас босанған аналар арасында «Анаға цифрлық жәрдем» байқауынжариялайды. Бала тууына байланысты берілетін жәрдемақыны egov.kz порталы арқылыонлайн рәсімдеп, ол туралы әлеуметтік желіде жазба (пост) жазған аналарбайқаудың қатысушысы атана алады», делінген хабарламада.

Байқау шартыбойынша жәрдемақыны онлайн рәсімдеген аналар жазған постында мемлекеттіккорпорацияның ресми аккаунты @gov4c.kz белгілеп (Instagram желісін)#анағацифрлықжәрдем хэштегін қоюы тиіс.

Байқау жеңімпаздары15 қыркүйек – Аналар күні анықталатын болады. Конкурс аясында пост жазғандардыңесімдері бір тізімге жазылып, жеңімпаз рандомды түрде, яғни кездейсоқ нөмірдіңтүсуі арқылы таңдалады.

Қызықты пост жазып,байқауға қатысқан үш жеңімпаз bebek.kz интернет-дүкенінен «Sweety» брендініңжөргектерін бір ай бойы алуға мүмкіндік беретін сертификатқа ие болады. Жұбанышсыйлығы ретінде тағы бес жеңімпаз балалар азығын, ыдыс-аяғын, күтім құралдарынақосымша сертификат алады.

Айта кетерлігі, «Балатуғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау» қызметіegov.kz порталында 2017 жылдың 29 желтоқсанында іске қосылған. Жыл басынан беріалты ай ішінде онлайн түрде бала тууына қатысты 19 мың жәрдемақы рәсімделген.

Соңғы жаңалықтар