«Сіздердің таза, әсем дауысыңыз отанымыздың кең даласында шырқалсын. Біздің байқауымыз елдің төрт облысынан ұлты мен жасы әр алуан мыңнан астам баланың басын қосты. Алда әлі он облыс пен қалалар бар», - деді Ә. Назарбаева.
«Bala Turvision» халықаралық балалар байқауының ұлттық іріктеуі - «Жандану әлемі» қоры жобаларының бірі. Оның миссиясы - білім беру, мәдениет және қайырымдылық салаларындағы әлеуметтік жобаларды қолдау мен жүзеге асыру.
Байқауға 8-ден 13 жасқа дейінгі дарынды балалар қатысады. Ұлттық іріктеудің жартылай финалы мен ақтық сыны ағымдағы жылы 16-17 қыркүйекте Астанада өтеді. Жеңімпаз анықталып, ол «Bala Turvision» балалар әндерінің I халықаралық байқауының гранд-финалында ел намысын қорғайды.