Бес жасар баланыұрлауға әрекеттенген Саягүл Жаңалық №96балабақшада тәрбиеші болып 5 жылдан бері жұмыс істеп келген. Өзін тек жақсыжағынан көрсеткен үлгілі қызметкердің еңбекақысы да өзгелермен салыстырғандажоғары болған.
«Біздіңбалабақшада 19 тәрбиеші жұмыс істейді. Әркімнің еңбекақысы әртүрлі, тәрбиешініңеңбек өтіліне байланысты. Саягүл 130 мың теңге алатын. Бір қызығы ол ешқашанәлеуметтік жағдайына шағымданған емес, оның бойынан тек ізеттілік пен кішіпейілділіктікөретін едік. Тіпті ата-аналарда жұмысына ризашылықтарын білдіріп жүретін. Ол 1 шілдеден 12 тамызға дейін еңбек демалысына шыққан еді»,-деді №96 бөбекжай-балабақшасыныңмеңгерушісі Наталья Карасева.
Меңгерушініңайтуынша, ол Алматы қаласында тұрады. Тұрмыс құрмаған. Үш інісі бар.
Тәрбиеші ұрлапәкетпек болған баланың есімі Әлихан. Қазір ол балабақшаға келіп жүрген жоқ.
№96 Бөбекжай-балабақшасы— аралас мектепке дейінгі мекеме. Мұнда 12 топ жұмыс істейді. Олардың алтауықазақ, алтауы орыс тобы. Барлығы 118 бала.
Естеріңізге салакетейік,16 шілде күні Алматыда бет-әлпетін жасырған әйел балабақшадан балаұрламақ болған. Алайда, жаман ойын іске асыра алмады. Кейін, 25 шілде күнікүдікті ұсталды.
Алматы балабақшаларыенді баланы туыстарына сенімхаткөрсеткенде ғана береді.
Қазір полициякүдіктінің үстінен ҚР ҚК 125-бабы бойынша (адам ұрлау) қылмыстық іс қозғады.