Бала үшін әке-шешенің ажырасуынан асқан қасірет жоқ - АҚШ ғалымдары
Доктор Джонатан Бекмайер жетекшілік етіп жүргізген зерттеуге 1998 және 2004 жылдары ажырасып кеткен 250 отбасы қатыстырылды. Олардың барлығы зерттеу сауалнамаларында бұрынғы зайыбымен ажырасу кезінде де, ажырасқаннан кейін де сыйласып, балалар үшін араласып тұрғанын жазған. Зерттеуге қатысқан ата-аналардың шаңырақ бұзған уақыттарында ең кішкентай балаларының жасы орташа есеппен сегізде болған. Зерттеу нәтижесі бойынша, сол кезеңдегі кішкентай бала қиналып, өсе келе мінезінде өзгерістер пайда болған. "Бейбіт" ажырасқан сол отбасының балалары күйзеліс пен қайғыға берілгіш, тіпті нашаға бейім болып кеткен. Әке-шешесі ажырасып жатқанда олардың сабақтары да нашарлағанын ғылыми зерттеу анықтады.
«Біз осы уақытқа дейін ерлі-зайыптылардың өзара келісе отырып, ажырасуы балалар үшін аса ауыр болмайды деп есептеп келдік. Шындығында ата-анасы айқай-шумен ажырасады ма, жоқ бейбіт түрде некелерін бұзады ма, ол жағы балаларға бәрібір. Ең жаманы айырылысу баланың ойын бұзып, қатты күйзелтеді, ішкі жан дүниесін талқандайды», - дейді Джонатан Бекмайер.