Бала зорлаған малайзиялық полиция қызметкері 100 жылға сотталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Малайзия соты 54 жастағы полиция офицері Рохаизат Абдул Аниді 13 жасар қыз баланы бірнеше рет зорлағаны үшін 100 жылға түрмеге отырғызу және таяқпен 15 рет соққылауға үкім шығарды, деп хабарлады сәрсенбі күні Сингапурдың Channel News Asia телеарнасы.

«Ол қоғамды қорғауы тиіс еді, бірақ керісінше жасады», - деп мәлімдеді айыптау тарапы.

Сотталушы сот үкіміне шағым келтірмек.